jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елімізде Alem.AI халықаралық ЖИ орталығы ашылады (видео)

Жаслан Мәдиев
Жаслан Мәдиев. Кадр: Baq.kz

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев BAQ.KZ-тің Youtube каналына берген сұхбатында хабарлады.

Министрдің айтуынша, бұл орталық — архитектурасы мен мазмұны жағынан бірегей жоба. Оның мақсаты елімізде ЖИ индустриясын жедел дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық өнімдерді коммерцияландыру және салаға инвестиция тарту. Орталық EXPO аумағындағы 8 қабатты шар пішінді ғимаратта орналасады және әр қабат жасанды интеллектінің өмірлік циклінің бір сатысын қамтиды.

Қабаттарға бөлінген құрылым мынадай болады:

1-қабат – Қоғамдық кеңістік:

ЖИ туралы кең ақпарат беретін ашық алаң. Мұнда форумдар, хакатондар, көрмелер, стартап-питчтер, байқаулар, кинотеатр мен ЖИ-кафе секілді интерактивті алаңдар жұмыс істейді. Мақсат – жылына кемінде 10 000 адамды жасанды интеллект саласына тарту.

2–3-қабат – TUMO мектебі:

9–12 сынып оқушыларына арналған цифрлық және креативті бағыттардағы оқыту орталығы болады. Бұл бағдарлама Армениялық TUMO Ventures қолдауымен жүзеге асады. Жылына 1000 оқушыны қамту көзделген.

4–5-қабат – Tomorrow School:

01EDU платформасында жұмыс істейтін peer-to-peer (тең деңгейде оқыту) мектебі. Оқу ұзақтығы – 18 ай. Студенттер 50-ден астам жоба жасап, 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгереді.

"Онда геймификация бағыты бар. Ол арқылы әр студент деңгейлерден өтіп, жетістіктерге жетеді. Бұл мектептің басты бағыты ол – жобалық оқыту. Яғни студенттер бірінші күннен бастап нақты жобалармен жұмыс істейді. Мектепте бағдарламалау, машиналық және терең оқыту, деректерді талдау және визуализация, робототехника, заттар интернеті (IoT), жасанды интеллект этикасы мен өндірістік инжиниринг пәндері бар.

Тағы бір айта кетерлік нәрсе, Tomorrow School — француздық 01EDU платформасында жұмыс істейді. Оқыту ұзақтығы – он сегіз (18) айды құрайды. Осы кезеңде студенттер елуден (50-ден) астам жобаны жасап, жиырмадан (20-дан) астам бағдарламалау тілін меңгереді", - деді Жаслан Мадиев.

6-қабат – ЖИ-Кампус (стартаптар):

Жыл сайын 100-ге жуық ЖИ-стартапты іске қосу жоспарланған. Олардың тақырыптары медицинадан бастап ақылды қалаларға дейін қамтылады. Cerebra AI және Higgsfield секілді стартаптар үлгі ретінде көрсетілді.

"Форматымыз қарапайым, бірақ нәтижелі болады. Мысалы, 500-ден астам өтінім қабылдаймыз, соның ішінде 200 қатысушыны іріктейміз және нәтижесінде 100 нақты стартап нарыққа шығады. Жобалардың тақырыптары да әр түрлі болалы. Мәселен, ақылды қалалар, медицина, ойын технологиялары және басқа да салалар. Мысал ретінде Higgsfield стартабын айтуға болады – бұл мәтіннен бейне жасауға арналған платформа, ол 8 млн доллар инвестиция тартқан.

Тағы бір мысал – Cerebra AI, ол қаржылық сараптамаға арналған жасанды интеллект платформасы, бұл жоба 4,1 млн доллар инвестиция алған. Біз AI’PRENEURS, Alchemist, Google for Startups, Hero Training сияқты танымал акселерациялық бағдарламалармен жұмыс істейміз. Бұл жас кәсіпкерлерге жаһандық деңгейде өсуге мүмкіндік береді", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

7-қабат – Ғылыми зерттеу зертханалары:

Жылына кемінде 10 ғылыми зерттеу жүргізіледі. Негізгі бағыттар робототехника, денсаулық сақтау, NLP, компьютерлік көру және қалалық инфрақұрылым салаларын қамтиды.

8-қабат – ЖИ және Мемлекет:

Бұл қабатта мемлекеттік басқару жүйесіне ЖИ енгізу жүзеге асырылады.

"Бастамаларымыздың бірі - GovTech шешімдерін краудсорсинг арқылы жинау. Жыл сайын 500-ге дейін идея мен тапсырма түседі, олардың ішінен 100-ге жуық пилоттық жоба жасалып, шамамен 10-ы кең ауқымда енгізіледі. Сондай-ақ Жедел ахуал орталығы құрылады. Бұл — нақты уақыт режимінде аналитика жасайтын және дағдарыс немесе операциялық тәуекелдерге жедел әрекет ететін жүйе болады. Ал Gov AI жобалық офисі — мемлекеттік органдар мен ЦОН-дарға жасанды интеллект шешімдерін жүйелі түрде енгізумен айналысатын негізгі құрылым", -деді министр.

Осы ретте Qazcontent АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек елімізде қазіргі уақытта өте белсенді дамып келе жатқан жасанды интеллектіге қатысты бірқатар сауалға жауап алу мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен сұқбаттасқан еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.