jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

СІМ Индонезияда өлім жазасына кесілуі мүмкін екі қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Түрмедегі азап
Темір тор. Көрнекі сурет: pixabay.com

Индонезияның Бали аралында есірткіге байланысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған екі Қазақстан азаматына өлім жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды kazinform.kz.

Индонезияда есірткі тасымалдау мен саудасына қатысты қатаң жаза қарастырылған. Бұған дейін бұл елде шетел азаматтарына қатысты өлім жазасы бірнеше рет орындалған, алайда 2017 жылдан бері аталған жазаға мораторий енгізілген.

Индонезия БАҚ-ының мәліметінше, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталған. Олардың жанынан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген, бұл үшін олар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондықтан өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы Елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеуде. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында",-делінген СІМ мәлімдемесінде.

СІМ Индонезияда өлім жазасына кесілуі мүмкін екі қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.