jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Салмағы 8 грамға жуық": ҚазҰУ археологтары сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты (фото)

сақ дәуірінің алтын жүзігі
Сақ дәуірінің алтын жүзігі. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы сақ дәуіріне жататын алтын әшекейлерді тапты, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, қазба жұмыстары тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен Алматы облысының Ұйғыр ауданында жүргізілген.

Тоғызбұлақ ауылының маңында ерте темір дәуіріне жататын қорғандар зерттелген. Мамандар ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан және 20-дан астам қорғаннан тұратын Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарында далалық зерттеулер жүргізген. Археологиялық нысандардың негізгі бөлігі тізбектеле орналасқан және солтүстіктен оңтүстікке бағытталған элиталық қорғандарға жатады. Тоғызбұлақ-2 қорымы ауылдың солтүстігінде орналасқан және жалпы саны 30-дан асатын түрлі қорғандардан тұрады.

Тарих ғылымының докторы, профессор Досбол Байғонақовтың айтуынша, Тоғызбұлақ-1 қорымындағы далалық зерттеулер барысында төрт қорған, ал Тоғызбұлақ-2 қорымында екі археологиялық нысан қазылған.

"Тоғызбұлақ-1 қорымындағы №3 және №4 қорғандардың үйіндісінен алтын әшекейлердің табылуы айтулы жаңалық болды", - делінген хабарламада.

табылған алтын әшекей
Табылған алтын әшекей. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сондай-ақ №4 қорғаннан ер мен әйелдің сүйектері табылған. Сүйек қалдықтарының жанынан керамикалық ыдыстар, темір заттар, тас келсап, жануарлар сүйектері, алтын тізбектің сынығы, әртүрлі алтын пластиналар және т.б. табылған.

Табылған әртүрлі алтын пластиналар
Табылған әртүрлі алтын пластиналар. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

"№3 қорғанның үйіндісінен адамның сүйек қалдықтары, сондай-ақ алтын пластиналар табылды. Олардың арасында арыстанның суреті салынған алтын жүзік ерекшеленеді. Мұндай артефактілер сирек кездеседі.

Салмағы 8 грамға жуық жүзік алтын құймасынан жасалған. Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты. Бір қарағанда әйелдің жүзін, арыстанның тұмсығы мен жалын, тіпті бұқаны, қошқарды көруге болады, олардың таңбасы ежелгі тайпаларда кең тараған", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, мұндай жерлеу орындары мен артефактілер Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларына тән. Табылған қазбалар шамамен б.з.д. IV-III ғасырларға жатады.

табылған керамикалық ыдыс
Табылған керамикалық ыдыс. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарынан табылған заттар ерте темір дәуірімен мерзімделеді және қазіргі Ұйғыр ауданының аумағы сақ мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.

"Салмағы 8 грамға жуық": ҚазҰУ археологтары сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.