jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Маңғыстауда бір үйдің 10 қызы әкесіне пәтер тарту етті

маңғыстаулық отбасы
Маңғыстаулық отбасы. Фото: Жақсыгүл Шалғынқызының жеке архивінен

Маңғыстау ауданы Қызан ауылының тұрғыны Шалғын Өтеғұловтың 60 жылдық мерейтойына ерекше тосынсый жасалды. 10 қызы әкесіне жаңа пәтер сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мерейтойды ерекше өткізу үшін отбасы бір жыл бойы дайындық жүргізген. Әр қызы өз қалтасынан қаржы жинап, ортақ мақсатқа қолдау көрсетті. Ақтаудан пәтер іздеуге үйдегі үлкен қыздарының уақыты болмағандықтан, егіз қыздар Әмина мен Әлина белсенділік танытты. Бұл туралы үлкен қызы Жақсыгүл Шалғынқызы айтып берді.

"2021 жылы әкемізге LADA Niva сыйлағанымыз әлеуметтік желілерде кеңінен таралған болатын. Бірақ біз ешқашан атақ-даңқты көздеген жоқпыз, басты мақсатымыз – әкемізді қуанту еді. Біз қарапайым ауыл отбасынан шыққан 11 баламыз. Ата-анамыз да, өздері айтқандай, шулы өмірді емес, тыныштықты қалайды", - дейді Жақсыгүл Шалғынқызы.

Қоғамдық коммуникация орталығы өкілдерінің хабарлауынша, жаңа пәтер – он қыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Пәтердің құны жарияланбаса да, бұл сыйлықтың баға жетпес екені айқын. Бұл оқиға көпшіліктің таңданысын тудырды.

"Бұған дейін қыздар бір бөлмелі пәтер сыйлаған еді, оны өздері пайдаланады. Ал ата-анамыз ауылда мал бағады. Сондықтан оларға қалада демалу үшін, жайлы жағдайда болу үшін пәтер сыйлауды жөн көрдік. Анамызға алтын білезік те сыйладық", - дейді Жақсыгүл Шалғынқызы.

Маңғыстауда бір үйдің 10 қызы әкесіне пәтер тарту етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.