jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бердібек Сапарбаевтың өмірі мен қызмет жолына арналған кітап жарық көрді

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: facebook.com/Бердібек Сапарбаев

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың өмірі мен қызмет жолына арналған "Сапарбаев тұлғасы" атты кітап жарыққа шықты, деп хабарлайды 24KZ.

Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен жинақтың тұсаукесері өтті. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек еткен Бердібек Мәшбекұлының ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бердібек Сапарбаев еңбек жолын қатардағы қызметтен бастап бес облыстың әкімі, премьер-министрдің орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

Бұл туынды ел дамуына қосқан үлесі, еңбек жолын үлгі етіп, жас мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын қалыптастыру мақсатында жарық көрген.

"Кітаптың құрылымын бес бөлікке бөлдік. Ол кісінің бес облысты басқарған жылдарын бөлім-бөлімге жазып шықтық. Қызылорда, Ақтөбе, ШҚО сияқты бес облыста атқарған істерін сұқбат ретінде салып отырдық. Бұл кітап мемлекеттік тұлғалардың қатарын жалғастыру мақсатында "Сапарбаев тұлғасы" деп шықты. Әрі қарай бұл кітапты сериялық нұсқада жалғастырғымыз келеді", - деді кітап авторы Ұлан Айхожаев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.