Тағы бір талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады
Опубликовано:

Елордалық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп хабарлайды Астана қаласының білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының түлегі Рашит Жанайым Жанибекқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтижелердің біріне қол жеткізген.
Жанайым "Ағылшын тілі" пәні бойынша IELTS халықаралық емтиханынан жоғары балл алып, сол балдарын ҰБТ қорытындысына қосуға мүмкіндік алған.
Бұл көрсеткіш жалпы жинаған ұпайына әсер етіп, ҰБТ-дан ең жоғары 140 балды алуға мүмкіндік берген.
"Жанайымның бұл жетістігі – оның табандылығы мен еңбекқорлығының, сапалы білім мен жан-жақты дайындықтың, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби қолдауы мен ата-анасының қамқорлығының жарқын көрінісі. Жас түлекке алдағы үлкен өмір жолында тек сәттілік, шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының түлегі Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан 140 балл жинаған еді.
Оны айтулы жетістігімен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2260017-tagy-bir-talapker-ubt-dan-140-ball-zhinady/