jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бұршақ, жаңбыр, шаңды дауыл: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

қолшатыр
Қолшатыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 28-30 маусым аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.

Кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ, сондай-ақ қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп отыр.

Сонымен қатар ел аумағында жел күшеюі ықтимал, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ал ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Күндізгі уақытта батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда 18-28 градус, орталық және шығыс өңірлерде 20-33 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде 27-38 градусқа дейін ыстық болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.