jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елде бейнебақылау камералар саны 3 миллионға көбейеді

Бейнебақылау камералары
Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

Яғни екі есе көбейеді. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Қазір елімізде ведомствоға қарасты 1 млн 400 мыңдай камера бар. Енді олардың саны 2 млн 900 мыңға жеткізіледі. Бүгінде 400 мыңдай камера жедел басқару орталығына қосылған.

19 мыңы жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған. Яғни назарына түскен адам жайлы барлық ақпаратты құзырлы органға дереу жіберіп отырады. Олардың көмегімен әсіресе іздеуде жүргендерді жедел табуға болады.

"Ақылды камералар кісі бет-әлпетін өзгертсе де, анықтай алады",– дейді министрлік өкілі.

Енді аталған камералардың да қатары 4 есе көбейеді.

"Осы 1-2 жылдың ішінде соның санын 80 мыңға жеткізу. Ол өте күшті профилактикалық эффект болады деп ойлаймын. Екіншіден қылмысты ашу мерзімі қысқарады және де осы цифрлық технологиялар көмегімен қылмыстардың 80 пайызы ашылады", - дейді ІІМ орынбасары Сәкен Сәрсенов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.