jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандағы барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталатын болды

Пойыз
Пойыз іші. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстандық пойыздардың барлығында дерлік бейнекамера пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол құқықбұзушылықтың санын азайтып, жолаушылар ұмытып кеткен заттарды табуға көмектеседі. Қазірдің өзінде 4 мың камера орнатылған екен. Жыл соңына дейін барлық 112 бағыттағы пойызды жабдықтау жоспарланып отыр.

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының мәліметінше, бейнебақылау орнатылғалы пойыздардағы құқықбұзушылық былтырмен салыстырғанда 21 пайызға төмендеп, шағымдар 32 пайызға азайған. Ал ұмытылған заттардың 91 пайызы иесіне қайтарылыпты.

"Ұлттық тасымалдаушымен бейнебақылау камераларын жолаушылар вагонына енгізу жобасы жүргізіліп жатыр. Сонымен қоса бейнебақылау аналитикасы жүйесі арқылы бізге дер кезде вагон ішінде түтіндеу немесе бұзушылықтар сияқты фактілерді анықтауға көмектеседі. Жалпы жұмыс жалғасуда, біз бұл жобаны осы жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап жатырмыз", – деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин.

Еске салсақ, бұған дейін елде бейнебақылау камералар саны 3 миллионға көбейетіні туралы жазған едік. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.