jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: MATTHIEU DELATY/Hans Lucas/AFP via Getty Images

Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы AlmatyJoly Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

28 маусым сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы бойымен айналып өтуге болады.

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген AlmatyJoly Telegram арнасының хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.