jitsu gif branding logo appbranding logo app

Президент атынан БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Журналистер
БАҚ қызметкерлері. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАҚ саласының бірқатар қызметкеріне пәтер сертификаттары табысталды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Dara президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада масс-медиа саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын Қазақстан президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай және Dara қорының жетекшісі Мұхамедқали Тауан салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты рәсім барысында Руслан Желдібай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекет басшысының медиа саласына көрсетіп отырған қолдауын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл үшінші жыл қатарынан журналистерге пәтер беру шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл – президенттің отандық медиа қызметкерлеріне деген үлкен қолдауы. Биыл пәтерлер тек журналистерге ғана емес, режиссерлерге, операторларға, корректорларға және отандық медианың өзге де мамандарына беріледі. Сонымен қатар біз әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аудардық: пәтер иелерінің қатарында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бар. Әріптестеріміздің жетістіктеріне қуаныштымыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!", – деді Руслан Желдібай.

Пәтер сертификаттарына Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясы, "Хабар" Агенттігі" АҚ, Qazcontent АҚ, "Қазақ газеттері" ЖШС, "ЕВРАЗИЯ+ОРТ" ЖШС, Atameken Business медиахолдингі, Tengrinews және басқа да медиа ұйымдардың қызметкерлері ие болды.

Мүлікті өтеусіз беру шартымен 2023 жылы мемлекеттік бес БАҚ-тың 65 қызметкері пәтер алған болатын. 2024 жылы түрлі медиа құрылымдарда еңбек ететін 68 қызметкерге баспана берілді. Ал биыл ұлттық медиа кеңістіктің дамуына үлес қосып жүрген журналистер мен техникалық мамандарды қолдау мақсатындағы дәстүрі бойынша медиа саласының 66 өкілі жаңа пәтерге ие болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.