jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттік оқушы әлемнің 47 университетінен шақырту алды

Өмірбай Бергей
Өмірбай Бергей. Фото: Шымкент қалалық білім басқармасы

Шымкенттегі  "Жалын" мектебінің 11-сынып түлегі Өмірбай Бергей - әлемнің 47 жоғары оқу орнынан "Қаржы" мамандығы бойынша ресми шақырту алған үздік түлек, деп хабарлайды El.kz.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, шақырту жіберген жоғары оқу орындарының жалпы стипендиялық құны – 979 000 АҚШ долларын құрайды.

Мектеп түлегінің академиялық жетістіктері де айтарлықтай: IELTS – 6.5, SAT – 1290 балл. Оның сүйікті пәндері – математика мен ағылшын тілі. Бұл пәндер болашақ қаржы маманы ретінде логикалық және коммуникативтік дағдыларын шыңдауға көмектескен. Сонымен қатар ол қытай және түрік тілдерін де меңгеріп, түрлі елдің мәдениетін тануға қызығушылық танытып келеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.