jitsu gif branding logo appbranding logo app

Екі жыл бойы бірде-бір сабақты қалдырмаған: тараздық зейнеткер 74 жасында университет бітіріп, заңгер атанды

Валентина Проскурина
Валентина Проскурина. Видеодан кадр: 24KZ

Тараздық Валентина Проскурина 74 жасында тағы бір жоғары оқу орнын тәмәмдап, заңгер атанды, деп хабарлайды 24KZ телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, бұл – Валентина Проскуринаның екінші жоғары білімі. Бұған дейінгі мамандығы инженер-экономист болған, енді Тараздағы университеттің заң факультетін үздік тәмамдап отыр.

Айтуынша, заңгер мамандығы бойынша алған білімі жұмыс барысында қажет. Қазіргі уақытта Валентина Павловна мектепке дейінгі тәрбие саласында сарапшы. Бұл салада жиі даулар туындайды. Сондықтан ол заңгер болуды нақты мақсат еткен.

"Сіз экономистсіз, заңға қандай қатысыңыз бар?" дегендер болды. Сондықтан: "Менде заңгер дипломы бар" деп нақты айта алу үшін осы жолды таңдадым", - дейді Валентина Проскурина.

Университет ректоры Махметғали Сарыбеков Валентина Павловна сынды жандар жастарға үлгі екенін айтады.

"Оқу қай жаста болса да кеш емес. Ол кісі кезінде экономика саласы бойынша білім алған. Осындай түлектеріміз көбейсе, біз қуанамыз. Себебі жастарымыз оларға қарап сап түзейді, жауапкершілікті үйренеді", - дейді Махметғали Сарыбеков.

Ал екі жыл бойы бірде-бір сабақты қалдырмаған Валентина Павловна 120 жасқа дейін өмір сүріп, белсенді әрі еңбекқор болғысы келеді.

Қазір Валентина Проскурина Алматыда тұрады. 20-дан астам кітап пен мақала жазған. 9 немере мен 2 шөбере сүйіп отырған зейнеткер енді магистратураға түсуге ниетті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.