jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада бұрынғы мектеп директоры мен бас бухгалтерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

тінту шаралары
Тінту шаралары. Виеодан кар: ҚР ҚМА

Астанада бұрынғы мектеп директоры мен бас бухгалтерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 900 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы әкімдігіне қарасты" №81 Astana English School халықаралық мектебі" КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, бұрынғы директор мен бас бухгалтердің 900 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.

Бұл соманың бір бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған ақша, алайда бұл қаражат мекеме шоттарына түспей, ұрланған", - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, сонымен қатар шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін жалған қызметкерлер атына аударылған. Олардың қатарында күдіктілердің жалған түрде рәсімделген туыстары да бар.

"Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын мүлік сатып алған: коттедж, елордада екі пәтер және автокөлік. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.