jitsu gif branding logo appbranding logo app

"40 жаста емеспін, кейбірі күмән келтіреді": 71 жастағы зейнеткер жас көрінуінің сырын айтты

Насима Хаева
Насима Хаева. Фото: instagram.com/nasima_khayeva/

Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына 71 жастағы зейнеткер Насима Хаева сұқбат беріп, өзінің жас көрінуінің сырын айтты. , деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мақтау сөзіңізге рақмет. Мен шынымен 40 жаста емеспін, жасым 71-де. Кейбірі күмән келтіреді. Кейбірі тіпті жеке куәлік көрсетуімді сұрайды. Мұның бәрі өмірге деген көзқарасымның дұрыс болғанынан шығар деп ойлаймын. Мұның бәрі позитивті жүргеннен, дұрыс тамақтанудан, физикалық жаттығу жасаудан және өмірге деген көзқарастың дұрыстығынан деп ойлаймын", - деді Насима Хаева.

Зейнеткер неліктен блог жүргізе бастағанын да айтты.

"Наурыз айында блог жүргізе бастадым. Мен адамдарға өмірімде болып жатқанды бөліскім келді. Нәтижесі керемет шықты. Блог таныла бастады. Наурыз айында 30 күн ішінде 3,5 млн қаралым болды. Бірінші кезекте менің спортпен жаттығып жатқан видеом тез тарады. 71 жасымда көп әйелге мотивация бердім.

Осы жасымда отырып қалатындар көп. Адам зейнетке шыққанда оның басқа приоритеттері пайда болады, немерелері дүниеге келеді. Маған адамдар көп жазды. Мен мотиватор болған екенмін. 35, 45 жастағы өмірден шаршап қалған адамдар да жазды, ал мен оларға мотивация бердім, - деді Насима Хаева.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.