jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Синоптиктер алдағы күндері 47 градусқа дейін өте қатты ыстық болатынын ескертті

бетін жуып жатқан ер адам
Аптап ыстық. Иллюстрациялық фото: Photo by Florian Wiegand/Getty Images

3-5 шілде аралығында Қазақстанда өте қатты ыстық күн райы күтіледі. Кей жерлерде ауа температурасы +47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Сондықтан кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

4-5 шілдеде солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі уақытта 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. 4-5 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 43-47 градусқа дейін жетуі мүмкін.

5 шілдеде солтүстік және орталық аймақтарда күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін төмендемек.

Синоптиктер алдағы күндері 47 градусқа дейін өте қатты ыстық болатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.