jitsu gif branding logo appbranding logo app

Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Кәрім Көкрекбаев
Кәрім Көкрекбаев. Фото: time.kz

Жамбыл облысының экс-әкімі, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы бастығы Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен К. мен А.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы (аса ірі мөлшерде пара алу), П.-ға қатысты 195 және 367-баптары (аса ірі мөлшерде пара беру, сондай-ақ ұрлау мақсатынсыз мүліктік залал келтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны К. мен А. лауазымды тұлғалар бола отырып, ТОО директоры П.-мен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған.

"Сондай-ақ П. шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған.

Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген", - делінген сот хабарламасында.

Алқабилердің үкімімен К. мен А. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша, ал П. – 195-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы және 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен К.-ға 12 жылға, А. мен П.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылғы желтоқсанда аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. 2023 жылы Антикор ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшыларына қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

Сол кезде ведомство олар орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңге ірі және аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталып жатқанын мәлім еткен еді.

Кейін Кәрім Көкірекбаев сотта ақталып шықты. Алайда 2024 жылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық іс бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберілді.

Көкірекбаев сот залында қамауға алынды.

Кейінірек Жоғарғы сот өкілдері Көкірекбаевқа шыққан ақтау үкімінің күші не себепті жойылғанын түсіндірді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.