jitsu gif branding logo appbranding logo app

200-ден астам адам тартылған: ҚМА Шымкенттегі қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

ақша
Ақша. Иллюстрациялық фото: bob_sato_1973/Getty Images

ҚМА-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті Ansar Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайда агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40-60 пайызы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.

"Алайда іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 млн теңгеден астам қаражат салынған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар агенттіктің дерегінше, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп" ретінде тартып, басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп күдікке ілінген адам қамауға алынған. Оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылған.

Агенттік Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.