Атауын ауыстырған отандық әуекомпания рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті
Опубликовано:

VietJetQazaqstan (бұрынғы Qazaq Air) әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, рейстердің кешігуі мүмүкін екенін ескертті. Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"VietJetQazaqstan (Qazaq Air) әуекомпаниясы 2025 жылғы 4 шілдеде рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлайды.
Рейстер туралы ақпарат әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректер бойынша жолаушыларға SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Комания өкілдері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, әуекомпаниясы үшін жолаушылардың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады.
Айта кетейік, 2023 жылы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық VietJet Air сатып алатын белгілі болған еді.
Биыл мамырда әуекомпаниясының атауы VietJet Kazakhstan боп өзгеретіні хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2262345-atauyn-auystyrgan-otandyq-auekompaniia-reisterding-keshigetinin-eskertti/