Ақтауда фестивальде түсірілген фотосурет әлемдік беделді басылымда жарияланды (фото)
Опубликовано:

Әлемдегі беделді басылымдарының бірі – Ұлыбританияның The Guardian газеті Ақтауда өткен фестиваль кезінде түсірілген фотосуретті жариялады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Даламен үндес баба өнер" қолөнер шеберлері фестивалі кезінде түсірлеген сурет әлемдік басылымының "Күннің үздік фотосы" айдарында жарияланған.
Аталған фотосурет The Guardian басылымының арнайы редакциялық тобының іріктеуінен өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен таңдалған ең үздік фотосуреттер қатарына енген.
Фотосурет авторы: түркиялық фотосуретші Элькин Эскипехливан.

Айта кетейік, "Даламен үндес баба өнер" халықаралық фестивалі Ақтау қаласында өтті. Іс-шараға Қазақстанның және шетелдің түрлі өңірлерінен келген қолөнер шеберлері қатысып, өз туындыларын ұсынды. Фестиваль аясында жәрмеңкелер, көрмелер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қонақтар ұлттық дәстүрлермен танысты.
Фестивальдің басты мақсаты – дәстүрлі өнерді дәріптеу, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және әлемдік деңгейде қазақ қолөнерінің мәртебесін арттыру.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2262426-aqtauda-festivalde-tusirilgen-fotosuret-alemdik-bedeldi-basylymda-zhariialandy-foto/