jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алакөлге ағылған туристерге ескерту жасалды

Алакөл көлі
Алакөл көлі. Фото: Ukususha / Getty Images

Абай облысы Мақаншы ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп жазады kazinform.kz.

Жаз маусымында Алакөл көліне келуші туристер саны күрт артып келеді. Осыған орай полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жылдамдықты асырмау, мас күйінде рульге отырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру, қауіпсіздік белдігін тағу секілді негізгі ережелер міндетті түрде сақталуы керектігі еске салынып жатыр.

Сонымен қатар жол бойында арнайы жылжымалы медициналық пункттер де ұйымдастырылып, жүргізушілердің денсаулық жағдайы тексеріліп жатыр. Медициналық тексерудің мақсаты — жол үстінде күтпеген жағдайлардың алдын алып, жүргізушінің жолда өзін жақсы сезінуін қамтамасыз ету.

Алакөлге ағылған туристерге ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.