Дауыл, найзағай, бұршақ және аптап ыстық: Қазақстан бойынша 8 шілдеде ауа райы қандай болмақ
Опубликовано:
Ертең, 8 шілдеде еліміздің кей өңірінде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кей өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың шағысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 08-10 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2263011-dauyl-naizagai-burshaq-zhane-aptap-ystyq-qazaqstan-boiynsha-8-shildede-aua-raiy-qandai-bolmaq/