jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

белгі
Жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің Telegram-каналында хабарланғандай, Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

8 шілде сағат 22:00-ден 9 шілде сағат 06:00-ге дейін "Қазселқорғау" ғимараты маңындағы көпірден бастап "Ұлытау" мейрамханасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

9 шілде сағат 22:00-ден 10 шілде сағат 06:00-ге дейін "Ұлытау" мейрамханасынан бастап "Тілек Тас" мейрамхана кешеніне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

"Жөндеу жүріп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметі көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты, маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.