jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ажырасқан ерлі-зайыптының мүлкін бөлуге қатысты нормаларға өзгерістер енгізілді

неке жүзігін шешіп жатқан адам
Неке жүзігі. Иллюстрациялық фото: Karl Tapales/Getty Images

Жоғарғы сот неке-отбасы қатынастары саласындағы нормативтік қаулыны Конституцияға сәйкестендірді. Бұл туралы Конституциялық сот Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жоғарғы cот "Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 нормативтік қаулыға түзетулер енгізді.

"Өзгерістер бірге сатып алынған мүлікті бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, қазір ортақ мүлікті бөлу неке бұзылған күнге қарамастан тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мүлікті бөлу туралы талап қоюдың үш жылдық ескіру мерзімі неке бұзылған сәттен бастап емес, ерлі-зайыптылардың бірі өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап есептеле бастайды.

Аталған түзетулер Конституциялық Соттың 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 55-НҚ нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында қабылданды. Онда Конституциялық сот неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы талаптар бойынша талап қоюдың үш жылдық ескіру мерзімін белгілеуі некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру үшін сот төрелігіне қол жеткізуін шектейтінін және соның салдарынан заңды түрде сатып алынған кез келген мүлікті, атап айтқанда некеде (ерлі-зайыптылықта) сатып алынған мүліктегі үлесті жеке меншікке алу құқығына қол сұғатынын көрсетті", - делінген хабарламада.

Ажырасқан ерлі-зайыптының мүлкін бөлуге қатысты нормаларға өзгерістер енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.