jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкентте театр директоры мен өзге де лауазымды тұлғалар қамауға алынды

кісен және ақша
Кісен және ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және т.б.) сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.

Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген.

"Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынған, күдіктілер қамауға алынған.

Шымкентте театр директоры мен өзге де лауазымды тұлғалар қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.