jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда қыркүйектен бастап жастарға тегін білім беретін академия іске қосылмақ (видео)

Аудиторияда отырған студент қыздар
Студенттер. Иллюстрациялық фото: Supersizer/Getty Images

Алматыда жастарға арналған тегін қаржылық сауаттылық академиясы іске қосылмақ. Бұл жобаны жүзеге асыруды салық сарапшысы Дмитрий Казанцев қолға алған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Оқу бағдарламасы 9 ай бойы жүргізіледі. Міндетті түрде үй жұмысы және қорытынды емтихандар болады. Белгіленген тапсырмаларды 3 рет орындамаған студент оқудан шеттетіледі. Ал озат қатысушылар білім алуға немесе өз кәсібін ашуға грант ұтуға мүмкіндік алады.

Оқу бағдарламасы қаржылық сауаттылық негіздері, бизнес, кәсіпкерлік, салық жүйесі және инвестиция шеңберінде өткізіледі. Онлайн дәрістің алғашқы легі 1 қыркүйекте басталады.

"Бүгін қаржы академиясының таныстырылымын бастадық. Бұл – еліміздегі жаңа жоба. Яғни 16-дан 23 жасқа дейінгі азаматтардың қаржылық сауаттылық бойынша білім алуына арнап жасалған. 1 жыл бойы дәріс алғандар арнайы емтихан тапсырып, оларға диплом табысталады. Қазақстанда бұл сала бойынша көбі оқи бермейді. Соның салдарынан несие алады, қарызға батады. Болашақты өзгертуді жастардан бастауымыз керек", - дейді Дмитрий Казанцев.

Алматыда қыркүйектен бастап жастарға тегін білім беретін академия іске қосылмақ (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.