Қазақстанда келесі аптада бірқатар телеарна мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады
Опубликовано:
Елімізде келесі аптада төрт күн бірқатар телеарна мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазтелерадио" АҚ Алматы қаласындағы "Көк-Төбе" телемұнарасы РТС-да жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, 2025 жылдың 15-18 шілдесі аралығында теле және радиоарналардың таратылымында уақытша үзілістер болады.
Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада
Жұмыс кестесі:
- 2025 жылғы 15 шілде: 08:00-ден 17:00-ге дейін;
- 2025 жылғы 16 шілде: 06:00-ден 17:00-ге дейін;
- 2025 жылғы 17 шілде: 08:00-ден 17:00-ге дейін;
- 2025 жылғы 18 шілде: 08:00-ден 17:00-ге дейін.
Көрсетілген кезеңдерде келесі телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады.
Цифрлық эфирлік телевизия:
- QAZAQSTAN;
- "Хабар HD";
- 24KZ;
- BALAPAN;
- "ЕЛ АРНА";
- Jibek joly;
- ABAI TV;
- "Еуразия бірінші арнасы";
- Almaty;
- QAZSPORT HD;
- "МИР";
- Astana TV;
- "КТК";
- "НТК";
- "Жетінші арна";
- "31 арна";
- Alatau;
- ATAMEKEN BUSINESS;
- "МИР 24";
- "Жетісу";
- Sport Plus Kazakhstan;
- "Телекомпания MZ";
- "ТДК-42";
- "Новое телевидение".
FM-диапазонындағы радиостанциялар:
- "Эльдорадио Алматы 91,7МГц";
- Radio City 88,9МГц;
- LUX FM 87,7МГц;
- QAZAQ RADIOSY 101МГц;
- "Радио Energy FM 102,2МГц";
- Classic радиосы 102,8МГц;
- Love Radio 103,5МГц;
- Radio MONTE CARLO 104МГц;
- "Русское радио Азия 104,7МГц";
- "Авторадио Қазақстан 105,4МГц";
- "Радио NS 106МГц";
- "Шалқар радиосы 106,5МГц";
- "Европа Плюс Қазақстан 107МГц";
- "Народное радио 100,2МГц";
- "Той Думан радиосы 101,8МГц";
- "Жұлдыз FM 101,4МГц";
- "Радио Дача 91,3МГц";
- "Business FM 89,6МГц";
- "Ретро FM Qazaqstan 107,5МГц";
- Orda FM 99,3МГц;
- Beu FM 97,7МГц";
- ASPAN FM 98,9МГц".
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2264268-elimizde-kelesi-aptada-birqatar-telearna-men-radio-habar-taratudy-uaqytsha-toqtatady/