jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда талапкерлер 13 шілдеден бастап гранттар конкурсына құжат тапсыра алады

Құжатқа қол қойып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

2025 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады, деп хабарлайды Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

ҰБТ шекті баллдары

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша мынадай баллдар белгіленген:

  • "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;
  • "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағыты бойынша – кемінде 70 балл;
  • ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;
  • басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;
  • Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.

Естеріңізге сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.

Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.

Айта кетейік, 2025 жылы "Цифрлық университет" қағидатын жүзеге асыру жалғасуда: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қазақстанда талапкерлер 13 шілдеден бастап гранттар конкурсына құжат тапсыра алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.