jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Елімізде аграрлық азық-түлік өнімдерін сататын маркетплейс пайда болмақ

Азық-түлік салынған сөмке
Азық-түлік салынған сөмке. Фото: pixabay.com

Президенттің ауыл шаруашылығы экспортын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында үкімет мамандандырылған аграрлық азық-түлік маркетплейсін құруды қарастырады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 15 шілдеде үкімет отырысында премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеу міндетін қойды.

Сауда саласын дамытуды қолдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы аграрлық азық-түлік маркетплейсін құру бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

"Цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру сауда саласының одан әрі дамуына оң серпін беруге тиіс. Бұл ішкі сауда көлемін кеңейтіп қана қоймай, отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын да қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Елімізде аграрлық азық-түлік өнімдерін сататын маркетплейс пайда болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.