jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана берілді (фото)

Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана берілді
Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана берілді. Фото: muftyat.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиевтің қолдауымен Шалқар ауданында 12 балалы отбасыға баспана берілді. Бұл туралы мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мүфтияттың мәліметінше, бұл – ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында табысталған республика бойынша 845-ші баспана.

Пәтер кілті Шалқар қаласының тұрғыны, 12 баланың әкесі Азамат Хадимжанның отбасына табысталған.

"Игі жобаның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қолдау, қайырымдылық мәдениетін дамыту және қоғамды ортақ ізгілікке жұмылдыру", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана берілді
Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана берілді. Фото: muftyat.kz

Шарада Ақтөбе облыстық орталық "Нұрғасыр" мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов ҚМДБ атынан құттықтау сөз сөйлеп, қолдау білдірген жомарт жандар мен кәсіпкерлерге, мешіт қызметкерлеріне алғыс айтқан.

Баспана иелері – 39 жастағы күзетші Азамат Хадимжан мен 34 жастағы жары Айым Сүйеуқұлова 18 жылдан бері бала тәрбиесіне мән беріп келеді. Олардың үлкен баласы 18 жаста болса, кенжесі – Мұхаммед-Әли 1,5 айлық сәби.

12 балалы отбасы
Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана берілді. Фото: muftyat.kz

Ақтөбе облысында 12 балалы отбасыға баспана берілді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.