jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Балқашқа төрт және бес жұлдызды қонақ үй салатын инвесторлар шақырылып жатыр

Балқаш көлі
Балқаш көлі. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі Балқаш қаласында 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер салуға әлеуетті инвесторлар іздеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Талап бойынша әр кешенде кемінде 60 нөмірден болуға тиіс. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл жобалар туризмнің дамуына және өңірдегі іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұсынады. Ал жобалау және құрылыс жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ қонақ үй кешендерін салу – ашық конкурс нәтижесінде анықталған инвестордың міндеті.

Құрылыс алаңдарының инженерлік инфрақұрылымын жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді.

"Бұл жұмыс Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құралдарын пайдалана отырып, "4" және "5" жұлдызды қонақ үйлер салу жобаларын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жобаның негізгі мақсаты өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті экономиканы ынталандыру және Балқаш қаласының Қазақстандағы заманауи туристік орталық ретіндегі имиджін нығайту.

Айта кетерлігі, соңғы екі жылда Балқашқа туристік ағын 40 пайызға артқан. Келушілер арасында тек қазақстандықтар ғана емес, Германия, АҚШ, Канада, Польша және Ресей елдерінен келген туристер де бар.

Балқашқа төрт және бес жұлдызды қонақ үй салатын инвесторлар шақырылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.