"Бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз": Шымкент әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады
Опубликовано:
Шымкент әкімдігі халық арасында, интернет кеңістігінде жергілікті атқарушы органдары атынан "пәтер алып беруге көмектесемін" деп заңсыздыққа баратын алаяқтар көбейіп жатқанын еске салып, сақтық танытуға шақырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Егер осындай күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.
Тұрғын үй басқармасы қызметкерлері ресми хабарламаларды Шымкент қаласы әкімдігінің және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратады", - делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдері қауіпсіздік үшін:
- жеке деректерді бөгде адамдармен бөліспеуге;
- ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріп алуға;
- күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырады.
"Алаяқтық әрекетке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Сіздерден белгісіз азаматтар жолдаған жалған құжаттамаларға немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарға сенбеуді, сондай-ақ бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2265765-beitanys-nomirlerge-aqsha-audarmaudy-suraimyz-shymkent-akimdigi-qala-turgyndaryna-undeu-zhasady/