jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр

Сүріліп жатқан таунхаус
Сүріліп жатқан таунхаус. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда сот шешімі бойынша Оспанов көшесі, 89/91 мекенжайда орналасқан нысан сүріледі, деп жазады Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысанның меншік иесі тиісті құжатсыз және еш рұқсатсыз нысанның тірек қабырғасын тұрғызған. Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс аясында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданған. Алайда берілген нұсқамалар орындалмағандықтан, басқарма нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді.

2024 жылы 12 сәуірде Медеу аудандық соты талап арызды қанағаттандырды. 2024 жылы 1 шілдеде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

"Бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріліп жатыр", - деп хабарлады Қала құрылысын бақылау басқармасынан.

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.