jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада қоғамдық көліктің үлесі 71 пайызға дейін артады

Автобус
Автобус. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астанада қоғамдық көліктің үлесі 71 пайызға дейін артады. Автобус паркі жаңартылып, жаңа жолайрықтар салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері сараланған семинар-кездесуде айтты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Жиын барысында Астананың 2035 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары белгіленді. 2030 жылға дейін 206 апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріледі. Экология және көгалдандыру мәселесі де ерекше назарда. Соңғы үш жыл ішінде мегаполисте 2,5 миллионнан астам ағаш егілді.

Қоғамдық кеңістіктер мен көшелерді абаттандыру, жағалауларды көркейту жұмысы жүргізіліп жатыр. Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салынып жатыр, сондай-ақ Green Line жаяу жүргіншілер жолы мен Damu паркі қолға алынған.

"Барлық жұмыс "адамдарға арналған қала" қағидатына негізделіп отыр. Яғни басты назар тұрғындардың өмір сүру сапасына, қолжетімді әрі ыңғайлы орта қалыптастыруға аударылған. Инженерлік инфрақұрылым алдын ала жоспарланып, даму қарқыны тұрғындар қажеттіліктерінен озық жүруге тиіс", - дейді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Астанада қоғамдық көліктің үлесі 71 пайызға дейін артады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.