jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр, бұршақ, 43 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Қолшатыр ұстаған әйел
Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: Photo by Sebastian Kahnert/picture alliance via Getty Images

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр күтіледі.

19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Кейін ел аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Осыған байланысты республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста 43°С-қа дейін, солтүстік-батыста және шығыста 40°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста 42°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі.

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр, бұршақ, 43 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.