jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Су шығуы мүмкін": Алматыда жылу желілерінің сынақтан өткізілуіне байланысты маңызды ақпарат жарияланды

жылу құбыры
Жылу құбыры. Иллюстрациялық фото: Maksim Safaniuk / EyeEm / Getty Images

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС Алматының сегіз ауданындағы жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілуіне байланысты қала тұрғындары үшін маңызды ақпарат жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылы 21 шілде мен 1 тамыз аралығында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының сегіз ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

Магистральды және тарату құбырлары тексерілген кезде күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы және басқа да оқиғалар сияқты штаттан тыс жағдай болуы мүмкін. Мұндай кездеа өз бетінше әрекет етпеңіз, оқиға орнынан дереу кетіп, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не мына телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109", - делінген хабарламада.

"Алматы жылу жүйесі" өкілдерінің хабарлауынша, сынақтар кезінде тұтынушыға ыстық су беру тоқтамайды.

Бұл гидравликалық сынақтар қаланың жылу желілерінің техникалық жай-күйін тексеруге, ақаулы тұстарды анықтауға және алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жасауға бағытталған.

"Су шығуы мүмкін": Алматыда жылу желілерінің сынақтан өткізілуіне байланысты маңызды ақпарат жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.