jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірім электр тогына түсіп қалды

Пойыз
Пойыз. Фото: otyrar.kz

19 шілдеде Алматыда 15 жастағы жасөспірім пойыз төбесіне шығып, электр тогына түсті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

"2025 жылғы 19 шілдеде сағат 18:55-те Алматы-2 станциясы бойынша кезекші орын алған оқиғаны тіркеді. Кәмелетке толмаған 15 жастағы бала вагон төбесіне өз еркімен шығып кеткен. Салдарынан электр тогы соғып, денесін күйік шалған", - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Оқиға орын алған жерге жедел медициналық көмек бригадасы келіп, жасөспірімге медициналық көмек көрсетілген.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ темір жолы қауіптілігі жоғары аймақ екенін еске салады. Жолға шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамға жақын кез келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірім электр тогына түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.