jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Саин-Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жолайрық пен Исинәлиев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, 21 шілде сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін Исинәлиев көшесіндегі №24 үйден бастап Жолбарыс көшесіне дейінгі бөлік жабылады.

жабылатын көше сехмасы
Жабылатын көше сехмасы. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сондай-ақ 21 шілде сағат 23:00-ден 22 шілде сағат 6:00-ге дейін Саин-Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың шығыс жағындағы бұрылыстар жабылады.

Ал 22 шілде сағат 23:00-ден 23 шілде сағат 6:00-ге дейін батыс жағындағы бұрылыстар жабылады.

"Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жабылатын көше сехмасы
Жабылатын көше сехмасы. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.