jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астанада ер адам көпқабатты үйдің терезесінің жақтауында отырған баланы құтқарып қалды

Терезедегі баланы құтқарған ер адам
Терезедегі баланы құтқарған ер адам. Кадр видеодан: ktk.tv

Астанада ер адам көпқабатты үйдің ашық терезесінің жақтауында отырған баланы құтқарып қалды. Көшеде өтіп бара жатқан азамат төмен құлап кеткелі тұрған сәбиді байқап қалып, еш ойланбастан, тар карниз арқылы жоғары көтерілген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ашық терезе алдында отырған бала масаға арналған торды итеріп жіберген. Сол сәтте ата-анасы үйде болған, бірақ балаға мән бермеген. Ал сырттан байқап қалған куәгерлер анасына хабарласа алмай жатқанда, өтіп бара жатқан азамат шұғыл қимылдап, баланы аман алып қалған.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 100-ден аса бүлдіршін терезеден құлады. Балалар шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп құлап кеткен.

Дереккөз КТК телеарнасы.

Астанада ер адам көпқабатты үйдің терезесінің жақтауында отырған баланы құтқарып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.