jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр: мамандар болжамын айтты

Құстар
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр. Қазірдің өзі мамандар 250-ге жуық қанаттының өлексесін анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өлекселер "Ақжайық" табиғи резерваты аумағындағы "Шалыға" аралынан табылған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан арам қатқан құстардың бірнеше түрін байқауға болады. Ал аталған оқиғадан кейін резерват аумағына экологтар, орман шаруашылығы инспекциясы мен ветеринария басқармасынан құралған топ арнайы барып, өлекселерді сараптамаға жіберді.

Әзірге құстардың неден қырылғаны белгісіз.

"Қазіргі уақытта табиғи фактор деп болжап отырмыз. Себебі құстардың балапандауы, түлеуі кезінде шағала тектес құстардың ұя салу сәттілігінен 30 пайызға дейін өлу ғылыми түрде дәлелденген. Дегенмен ұлттық референдік орталық мамандары сынама алды",- деді "Ақжайық" табиғи резерваты ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Назерке Махметова.

Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр: мамандар болжамын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.