jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Отандық әуекомпания Түркістан-Самарқанд бағытындағы рейстерді күзге дейін ұзартты

жолаушылар
Жолаушылар. Көрнекі фото: pixabay.com

VietJet Qazaqstan (Qazaq Air) әуекомпаниясы Түркістан-Самарқанд-Түркістан бағытындағы рейстерді 2025 жылғы 25 қазанға дейін ұзартты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуекомпанияның мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап рейстер жаңартылған кесте бойынша орындалады, бұл жолаушылардың сапарын жайлы әрі тиімді етеді.

Жұма және жексенбі күндері:

  • Түркістан-Самарқанд бағытындағы IQ 509 рейсі: ұшу уақыты – 12:45, келу уақыты – 14:15;
  • Самарқанд-Түркістан бағытындағы IQ 510 рейсі: ұшу уақыты – 15:05, келу уақыты – 16:30.

Бір бағытқа билет бағасы 14 000 теңгеден басталады.

Сонымен қатар келесі транзиттік бағыт қолжетімді:

  • Астана-Самарқанд (Түркістан арқылы): ұшу уақыты – 09:30, келу уақыты – 14:15;
  • Самарқанд-Астана (Түркістан арқылы): ұшу уақыты – 15:05, келу уақыты – 19:20.

Бір бағытқа билет бағасы 41 000 теңгеден басталады.

"Жазғы навигация кезеңінде бұл бағыт қазақстандық және өзбекстандық жолаушылар арасында тұрақты сұранысқа ие болды.

Бұл рейстерді күзгі маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Тұрақты әуе қатынасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризмнің, мәдени және іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етеді", - дейді әуекомпаниясының өкілдері.

Отандық әуекомпания Түркістан-Самарқанд бағытындағы рейстерді күзге дейін ұзартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.