Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберетін жеке агенттіктерден лицензия талап етілмек
Опубликовано:
Жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктер лицензия бойынша жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Үкімет отырысында қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктердің қызметін реттеу мәселесіне назар аударылған.
Премьер-министр мұндай жеке агенттіктердің қызметін қадағалау тетіктерінің жоқтығына баса назар аударған. Олардың жауапкершілік параметрлері белгіленбеген.
"Жыл соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялау бөлігінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленуі қажет", - деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қай уақыттан бастап заңды түрде жұмыс істей алады деген сұраққа жауап берген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2267676-qazaqstanda-shetelge-zhumysqa-zhiberetin-zheke-agenttikterden-litsenziia-talap-etilmek/