jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

250-ге жуық жаңаөзендік "Болашақ" түлектерінен тегін медициналық, кәсіпкерлік кеңес алды

250-ге жуық жаңаөзендік «Болашақ» түлектерінен тегін медициналық кеңес алды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

18-19 шілде күндері Жаңаөзен қаласында "Біліміміз - елімізге" атты волонтерлік жоба аясында халықаралық деңгейдегі мамандар тегін медициналық және кәсіпкерлік кеңес берді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

"Болашақ" қауымдастығының мәліметіне сәйкес, жоба "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектері қауымдастығының Алматы бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті. Шараның әлеуметтік маңыздылығы – тегін консультациялар мен кеңестер арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға, ауруларды ерте анықтауға және алдын алуға, сондай-ақ сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік жасау.

250-ге жуық жаңаөзендік «Болашақ» түлектерінен тегін медициналық кеңес алды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Акцияның алғашқы күні 18 шілдеде Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жаңабай Аймағамбетов "Болашақ" қауымдастығынан келген мамандарды қабылдады. Осыдан кейін мамандар қаланың бірнеше медициналық мекемелерінде қабылдаулар жүргізді. 19 шілдеде барлық аталған мамандар №1 Жаңаөзен қалалық емханасында қабылдауды жалғастырды.

250-ге жуық жаңаөзендік «Болашақ» түлектерінен тегін медициналық кеңес алды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Жобаның демеушісі – Маңғыстау өңіріндегі "Болашақ" Қауымдастығының ресми өкілі Мұрат Акинов. Шараға аритмолог, онколог-гинеколог, инфекционист, эпидемиолог, эндокринолог, кардиохирург, кардиолог, оториноларинголог, мамолог, психолог, нефролог, аллерголог сияқты әлемнің үздік университеттерінде білім алған 12 жоғары санатты медицина маманы қатысты.

Екі күн ішінде 170-тен астам адам медициналық көмек алды. Атап айтқанда, кардиологқа 35, ЛОР-дәрігерге 45 пациент, маммологқа 25 әйел, эндокринологқа 34, балалар кардиохирургына 39 бала, инфекционистке 25, аллергологқа 24, нефрологқа 25, психологқа 21 адам қаралды. Әрбір маман өз бағыты бойынша тереңдетілген кеңес беріп, көптеген науқастың диагнозын анықтауға және емдеу жоспарын жасауға көмектесті.

250-ге жуық жаңаөзендік «Болашақ» түлектерінен тегін кәсіпкерлік кеңес алды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Сонымен қатар "Болашақ" бағдарламасымен білім алған тәжірибелі кәсіпкерлер жергілікті кәсіп бастаушыларға, оның ішінде 30 жасөспірім мен 30 жасқа кәсіпкерлік және мансаптық бағытта кеңестер берді. Шара аясында кәсіпкерлер Мұрат Акиновтың жұмыс орнына барып, елімізде бұрын-соңды шығарылмаған мұнай өндіру құралдарын шығаратын зауыттың өндірісімен танысты.

250-ге жуық жаңаөзендік «Болашақ» түлектерінен тегін кәсіпкерлік кеңес алды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Шараның соңында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің атынан қатысушы мамандарға, тегін медициналық көмек көрсеткен барлық маманға, "Болашақ" қауымдастығына, демеуші Мұрат Акиновке және ұйымдастырушыларға алғыс айтылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба өңірдің медицинасы мен кәсіпкерлігінің дамуына зор үлес қосады.

"Біліміміз – елімізге" жобасы Жаңаөзен қаласы үшін үлкен маңызға ие. Ол халықтың денсаулығын жақсартуға, білім беруге және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бұл шара "Болашақ" бағдарламасының түлектерінің өз еліне деген сүйіспеншілігін және әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді.

250-ге жуық жаңаөзендік "Болашақ" түлектерінен тегін медициналық, кәсіпкерлік кеңес алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.