jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті келесі жылдың соңына дейін жабылады

Шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пункті жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жабылады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекарасында орналасқан "Сырым" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңғырту және жаңарту жобасының басталғаны туралы хабарлайды.

Құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап "Сырым" өткізу пункті арқылы жеңіл және қоғамдық көліктер үшін өту уақытша тоқтатылады. Шектеулер 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Ал жүк көліктері үшін шекарадан өту электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады, күнделікті өткізу қабілеттілігі: 200-250 автокөлік.

Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге арналған баламалы өткізу пункттері:

  • "Шаған" (ҚР) / "Тёплое" (РФ) – екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал-РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;
  • "Ақсай" (ҚР) / "Илек" (РФ) – халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;
  • "Тасқала" (ҚР) / "Озинки" (РФ) – халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал-Тасқала-РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол қозғалысының барлық қатысушысына сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, аталған өткізу пункттерінде көлік қарқындылығының өсу мүмкіндігін ескеруді сұрайды. Мемлекеттік шекарадан уақытында және ыңғайлы өту үшін жолға ертерек шығуды ұсынамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті келесі жылдың соңына дейін жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.