jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетіліп жатыр

Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі
Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.

Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров "Шардара" су қоймасының жағалауында орналасқан бірқатар демалыс орындарын кезекті рет аралап, тазалығы пен қауіпсіздігін, өткен сапарда берілген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Облыс басшысы жағажайларға жауапты тұлғалармен, кәсіпкерлермен жүздесіп, мұнда санитарлық тазалық шараларын күнделікті ұқыпты орындауды тапсырды.

Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі
Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Тазалық пен қауіпсіздік – туризмді дамытудың бір тетігі. Демалушыларға, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасалуы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады", - деді Нұралхан Көшеров.

Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі
Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шардарадағы жағажайлар ретке келтірілген. Мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп, полиция қызметкерлері тарапынан қауіпсіздік талаптары қатаң қадағалануда. Тексеру барысында 409 сәкінің 171-і талапқа сай болмағандықтан алынып тасталды. Қалған 238 сәкі су жағасынан 50 метрге жылжытылды. Бүгінде мұнда 6 биоәжетхана, 160 қоқыс жәшігі, және 10 киінуге арналған кабина орнатылды.

Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі
Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тазалық жұмыстарына 11 техника, 80 жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар жағалаулардың түбін тазалау жұмыстары атқарылды. Орман шаруашылығымен 5 келісімшарт тоқтатылды, полиция қызметкерлері тарапынан 196 құқықбұзушылық анықталып, жалпы 36 хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды. 1 демалыс орнына тексеру жүргізіліп, талапты бұзғаны үшін сотқа материал жолданды. Кәсіпкерлер де заң шеңберінде жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта жағажай аумағына 16 құтқарушы бекітіліп, қалқымалы қауіпсіздік белгілері орнатылған. Жалпы су қоймасының көлемі 5,2 млрд. текше метр. Ал ұзындығы 80 шақырымды құрайды.

Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі
Шардарадағы жағажайлардың жай-күйі. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көшеров жауаптыларға қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, демалушыларға қолайлы жағдай жасауды міндеттеді. Шомылу маусымын ойдағыдай атқаруды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысына келуші саяхатшылар саны жыл сайын артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген.

"E-qonaq" жүйесіндегі деректерге сәйкес, биылғы 5 айда Түркістан облысына 18699 шетелдік турист келген. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2 есе көп. Әсіресе, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан елдерінен саяхатшылар көп келген.

Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетіліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.