jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"50 пайыз дайын": Астанадағы LRT құрылысы қай кезеңге жеткені мәлім болды

LRT депосы
LRT депосы. Фото: instagram.com/cts_kz/

Астанадағы LRT депосы 50 пайыз дайын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қалалық көлік жүйесі" компаниясына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Астана қаласында LRT депосының кешенді орталығының нысандары мен ғимараттарының құрылысы жалғасып жатыр.

"Депо – жылжымалы құрамды сенімді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және сақтауды қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының негізгі буыны. Бүгінде нысан 50 пайызға дайын.

Кешенді орталыққа басқару орталығы, пайдалану депосы, жөндеу депосы, локомотив депосы сияқты бірнеше негізгі нысандар кіреді.

Депоның кешенді орталығын құру LRT техникасын пайдалануға, жөндеуге және қызмет көрсетуге байланысты барлық процестерді орталықтан басқаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

"Қалалық көлік жүйесі" компаниясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезеңде пайдалану және локомотив депосындағы негізгі темірбетон және металл конструкциялық жұмыстар аяқталды. Ішкі бөлімдерді монтаждау жүргізіліп жатыр.

Кешенді орталықты іске қосу барлық 18 станцияның және тұтастай алғанда бүкіл желінің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті пойыздардың қозғалысын және барлық LRT инфрақұрылымының жай-күйін тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді.

Компания өкілдері жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтады.

"50 пайыз дайын": Астанадағы LRT құрылысы қай кезеңге жеткені мәлім болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.