Семейде бір және үш жасар балалар пәтерде қамалып қалды
Опубликовано:
Семейде екі бала пәтерде қамалып қалған. Құтқарушылар құлыпты бұзып, есікті ашып, балаларды анасымен қауыштырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Белгілі болғандай әйел дүкенге шығып кеткен кезде, пәтердің есігін үш жастағы баласы жауып алған, қолындағы кілтімен анасы есікті аша алмаған", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері балаларды жалғыз қалдырмауды сұрайды, өйткені үлкендер жоқта балаға қауіп төнуі мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2267967-semeide-bir-zhane-ush-zhasar-balalar-paterde-qamalyp-qaldy/