jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы облысында 10 жасар баланы иттерден арашалап қалған тұрғынға Тоқаевтың атынан Алғыс хат табысталды

Серікбек Сақайбековке Алғыс хат табысталған сәт
Серікбек Сақайбековке Алғыс хат табысталған сәт. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында 10 жасар баланы иттерден арашалап қалған тұрғынға мемлекет басшысының атынан Алғыс хат табысталды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен өңір әкімдігінің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Серікбек Алдабергенұлы Сақайбековке Алғыс хат табысталған.

Ауыл тұрғыны маусым айының соңында Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында иттерге таланған 10 жасар баланы ажалдан арашалап қалған болатын. Ол көмек сұраған баланың дауысын естіп, өз өміріне қауіп төнсе де баланы құтқарып қалған.

Облыс әкімі батылдық тантық тұрғынға алғысын айтып, мұндай оқиғалар қоғамда шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өткен.

Айта кетейік, бұған дейін Серікбек Сақайбаевқа Қарасай ауданының әкімдігінде құрмет көрсетіліп, оған Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай және естелік сыйлықтар тапсырылған еді.

Сондай-ақ Серікбек Сақайбаев баланы иттерден қалай арашалап қалғанын айтып берген еді.

Алматы облысында 10 жасар баланы иттерден арашалап қалған тұрғынға Тоқаевтың атынан Алғыс хат табысталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.