jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бір жасар ұлын арқалаған әйел Қарқаралыда өткен марафонда 12 шақырымды бағындырды (фото, видео)

Меруерт Халелова ұлымен
Меруерт Халелова ұлымен. Фото: instagram.com/meruyert_swimlive

Астаналық Меруерт Халелова Қарқаралыда ұйымдастырылған республикалық трейл-марафонда бір жасар ұлымен бірге 12 шақырымдық күрделі тау бағытын бағындырған. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, жарыс биіктігі әртүрлі және тасты, кедір-бұдыр соқпақтардан тұратын қиын маршрут арқылы өткен.

Меруерт Халелова 12 км қашықтықты бір жасар ұлы Әлижанды арқалап, жүріп өткен. Осылайша, ол жоғары физикалық дайындығын және жан-жақты жауапкершілігін көрсеткен.

Меруерт Халелова ұлы Әлижанмен
Меруерт Халелова ұлы Әлижанмен. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

"Себебі баламен жарысқа қатысу – тек мықты дене шынықтыру ғана емес, мұқият дайындық пен толық зейінді талап ететін ерекше сынақ", - делінген хабарламада.

Бір жасар ұлын арқалаған әйел Қарқаралыда өткен марафонда 12 шақырымды бағындырды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.