jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Президенттің кеңесшісі Түркістан облысындағы табиғи парктер мен қорықтарды аралады

Түркістан облысына іссапар
Түркістан облысына іссапар. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Кентау қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова жұмыс сапарымен келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевпен бірге қала аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ – "Қаратау" қорығына барып, тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Қорық қызметкерлері атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, өңірдің биоалуандылығы мен қорғауға алынған табиғи байлықтары туралы мәліметтер ұсынды.

Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова
Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қорықта 1221 өсімдіктің түрі өседі, оның 59-ы – Қызыл кітапқа енген. Ал құстардың 127 түрі кездессе, Қызыл кітапқа оның 12-сі енгізілген. Сондай-ақ омыртқасыздардың – 1345 түрі бар, оның 16-сы Қызыл кітапқа енген. Еліміздегі арқардың 5 түрінің бірі – Қаратау арқары дәл осы аймақта мекендейді.

Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова
Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Зүлфия Болатқызы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биоәртүрлілікті сақтау – ұлттық маңызы бар міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар Халықаралық биоәртүрлілікті қорғау қоры құрылып жатқанын жеткізді. Бұл бастама қорықтардың қызметін күшейтуге және экотуризмді дамытуға тың серпін береді.

Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова
Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қонақтар сондай-ақ қорықтағы тарихи орын – "Хан тағына" барып, қорықта жайғасқан табиғатты тамашалады. Одан бөлек, зертхана жұмысымен танысып, қорық қызметкерлерімен тілдесті. Мұнда сирек кездесетін жәндіктер сақталып, ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова
Түркістан облысына келген Зүлфия Сүлейменова. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы күні президент кеңесшісі Түркістан қаласындағы "Жастар саябағы" мен "Сырдария-Түркістан" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Президенттің кеңесшісі Түркістан облысындағы табиғи парктер мен қорықтарды аралады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.